2026 жылға арналған «Шүлбі ГЭС» ЖШС-нің тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасы іс-шараларын, сондай-ақ Қоғамдағы Комплаенс-офицердің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде комплаенс-мәдениетті дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және іскерлік этика қағидаттарын сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
- «Шүлбі ГЭС» ЖШС қызметкерлері үшін «Комплаенс-функция бойынша ішкі нормативтік құжаттардың негізгі аспектілері» тақырыбында оқыту өткізілді. Оқыту 2026 жылғы 23 сәуірде өтті. Оған Қоғамның топ-менеджмент өкілдерін, әкімшілік-басқару және өндірістік персоналды қоса алғанда, 184 қызметкер қатысты.
- Іскерлік серіктестердің 100%-ы (328 контрагент) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және комплаенс-функция бойынша өзге де ішкі нормативтік құжаттармен таныстырылды.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамда кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.
- «Шүлбі ГЭС» ЖШС-де «Жедел желі» жұмыс істейді. Тәуелсіз оператордың байланыс деректері кәсіпорынның барлық жалпыға қолжетімді орындарында (үш тілдегі ақпараттық материалдардың 30 жиынтығы), сондай-ақ Қоғамның ресми сайтында орналастырылған. Тоқсан сайынғы оқыту аясында қызметкерлерге «Жедел желінің» жұмыс істеу қағидаттары мен жүгіну тәртібі тұрақты түрде түсіндіріледі.
«Шүлбі ГЭС» ЖШС ашықтық пен айқындық қағидаттарын, заңнама талаптарын сақтауды, корпоративтік этика нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын дәйекті түрде ұстанады.