Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Миссия: Өнім сапасының жоғары стандарттарына сай келетін, контрагенттер алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ететін және қуатты реттеу бойынша қызмет көрсететін электр энергиясын қауіпсіз әрі экологиялық таза өндіру.

Пайымдау:
Контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындау үшін электр энергиясын өндіруді және сатуды, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сенімді әрі тұрақты кәсіпорын ретінде қызмет ету.

Құндылықтар:

Тұрақты даму – жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға, атмосфераға шығарындыларды азайтуға және экожүйені жақсартуға ықпал ете отырып, ұлттық экономика құрылымына үлес қосамыз;

Жауапты инвестициялар – өндірістік қызметтің тұрақты даму принциптеріне сәйкестігі, тұрақты даму жолында өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың үйлесімділігі.

Активтерді тиімді басқару – электр генерациясын дамыту және жаңғырту, сондай-ақ қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсету, генерациялаушы қондырғыларды техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау.

Принциптер:

Қауіпсіздік – біз әрбір жұмыс күнін қауіпсіз етуге тырысамыз;

Экология – біз табиғи ресурстарды сақтауға және қалпына келтіруге ықпал етеміз;

Кәсібилік – біз кәсіби мамандар командасында жұмыс істейміз;

Өзара түсіністік – жұмысты тиімді ету үшін біз әрбір мәселенің маңыздылығын түсіне білеміз;

Әлеуметтік жауапкершілік – біз қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеміз, қайырымдылық акциялары мен бастамаларға қатысамыз.

Сапа менеджменті жүйесі саласында

1. Электр энергиясын өндіру сенімділігінің жоспарланған көрсеткіштерін орындау.

2. Жеткізілген электр энергиясы, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін мерзімі өткен дебиторлық берешекке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындау.

3.EBITDA margin – Серіктестіктің табыстылығы мен шығындарды азайту тиімділігін бағалау көрсеткіші.

4. «Кадрлық резерв» бағдарламасын орындау.

5. Дуальді оқыту бағдарламасын қолдау және дамыту.

6. Сыртқы және ішкі PR бойынша міндеттер мен іс-шараларды іске асыру арқылы станцияның имиджін басқару.

7. Бағдарламалық қамтамасыз етудің (БҚ) жұмыс істеуін дамыту және тиімділігін арттыру.


Экологиялық менеджмент жүйесі саласында

1. Қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) мәселелері бойынша персоналдың хабардар болу деңгейін арттыру.

2. Экологиялық апаттардың зардаптарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру.

3. Серіктестіктің оң экологиялық имиджін қалыптастыру.

4. Ертіс өзенінің биоалуантүрлілігін жақсарту.

5. Экономиканы декарбонизациялау бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.



Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі саласында

1. Нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша іс-шараларды іске асыру.

2. Жұмыс орындарын тексеру жүйесін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Қауіпсіз өндіріс» АЖЖ-не (автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне) интеграциялау.

3. Техногендік және табиғи сипаттағы Төтенше жағдайлардың (ТЖ) зардаптарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру.

4. Қауіпті зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсер ету қаупін азайту.



Энергетикалық менеджмент жүйесі саласында

1. Энергия тиімділігінің жоспарланған индикаторларын орындау.

2. «Энергетикалық менеджмент жүйесінің» тиімді жұмыс істеуін арттыру.



Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі саласында

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу (профилактикасы).