Миссия: Өнім сапасының жоғары стандарттарына сай келетін, контрагенттер алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ететін және қуатты реттеу бойынша қызмет көрсететін электр энергиясын қауіпсіз әрі экологиялық таза өндіру.
Пайымдау:
Контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындау үшін электр энергиясын өндіруді және сатуды, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сенімді әрі тұрақты кәсіпорын ретінде қызмет ету.
Құндылықтар:
Тұрақты даму – жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға, атмосфераға шығарындыларды азайтуға және экожүйені жақсартуға ықпал ете отырып, ұлттық экономика құрылымына үлес қосамыз;
Жауапты инвестициялар – өндірістік қызметтің тұрақты даму принциптеріне сәйкестігі, тұрақты даму жолында өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың үйлесімділігі.
Активтерді тиімді басқару – электр генерациясын дамыту және жаңғырту, сондай-ақ қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсету, генерациялаушы қондырғыларды техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау.
Принциптер:
Қауіпсіздік – біз әрбір жұмыс күнін қауіпсіз етуге тырысамыз;
Экология – біз табиғи ресурстарды сақтауға және қалпына келтіруге ықпал етеміз;
Кәсібилік – біз кәсіби мамандар командасында жұмыс істейміз;
Өзара түсіністік – жұмысты тиімді ету үшін біз әрбір мәселенің маңыздылығын түсіне білеміз;
Әлеуметтік жауапкершілік – біз қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеміз, қайырымдылық акциялары мен бастамаларға қатысамыз.