Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Шүлбі су электр станциясы Семей қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан, Ертіс су электр станциялары каскадындағы үшінші станция болып табылады және орнатылған қуаты бойынша Қазақстандағы ең ірі су электр станциясы саналады. 

Станцияның негізгі функциясы — электр энергиясын өндіру. Сонымен қатар, Ертіс өзенінің ағысын өтемдік реттеу, Үлбі және Уба өзендерінің ағындарын жинақтау, сондай-ақ Павлодар облысындағы жайылма шалғындарды көктемгі су басуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Кәсіпорын тарихы: 

1976 жыл – су электр станциясының құрылысы басталды.
1987 жыл - алғашқы гидроагрегат іске қосылды.
1994 жыл -соңғы, алтыншы гидроагрегат іске қосылды.
1997 жыл - Шүлбі ГЭС AES компаниясының концессиясына берілді.
2009 жыл – өндірістік белгілерді әрлеу басталды.
2012 жыл - № 1 гидроагрегатты күрделі жөндеу аяқталды;
2012 жыл – машина залын, қызметтік - өндірістік корпусты әрлеу аяқталды;
2013 жыл – ГЭС ғимаратының қасбетін безендіру аяқталды.
2015 – 2017 жж. – ГА-4,5,6 күрделі жөндеуден өтті.
2017 жыл – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Шүлбі ГЭС" мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Энергетика министрлігіне берді.
2023 жыл – МГЭС "Самұрық-Қазына"Ұлттық әл-ауқат қорына берілді.
2024 жыл – "Шүлбі ГЭС" ЖШС активтері "Самұрық-Энерго"АҚ-ға берілді.
2025 жыл – "Шүлбі ГЭС" ЖШС "Самұрық-Энерго" АҚ-дан Qazaq Green Power PLC еншілес компаниясының басқаруына берілді, оның 100% - ы "Самұрық-Энерго"АҚ-ға тиесілі.
2026 жыл — 2026 жылғы 08 қаңтардан бастап кәсіпорын жаңа атаумен қызметін жүзеге асырады: «Шүлбі ГЭС» ЖШС.