Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Шүлбі су электр станциясының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Евгений Поломошнов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының мамандары арасында өткен алғашқы өндірістік қауіпсіздік олимпиадасында І орынды иеленді.

Аталған олимпиада еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы үздік мамандарды біріктірді. Іс-шара бағдарламасы білімді тестілеуді, жағдайлық тапсырмаларды шешуді, блиц-сұрақтарды және командалық баяндамаларды қамтыды. Сонымен қатар өндірістік алаңдардағы нақты тәжірибелік кейстер мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Евгений Поломошнов кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, тәуекелдерді талдау және жедел шешім қабылдау дағдыларын көрсетіп, олимпиаданың жеңімпазы атанды.