Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Республика күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шүлбі су электр станциясының ауысым бастығы Игорь Кирилин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қолынан мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Аталған марапат энергетика саласындағы көпжылдық адал еңбек пен жоғары кәсіби шеберліктің лайықты бағалануы болып табылады. Игорь Кирилиннің еңбегі станцияның сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Шүлбі ГЭС ұжымы өз қатарында осындай білікті, жауапты және еңбекқор мамандардың болуын үлкен мақтанышпен атап өтеді.