Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Шүлбі гидроэлектр станциясының аумағында Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында станция қызметкерлері мен ТЖД мамандары шартты өртті сөндіру, персоналды эвакуациялау және төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады.

Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге және өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.