Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Шүлбі су электр станциясына болашақ мамандығын таңдауға келген оқушылар қонақ болды. Экскурсия барысында оқушылар станцияның жұмысымен танысып, судың электр энергиясына қалай айналатынын білді.

Қонақтар өндірістік цехтар мен кеңсе бөлмелерін аралап, энергетик мамандардың күнделікті еңбегін өз көздерімен көрді. Мамандар станцияның негізгі өндірістік үдерістері, қауіпсіздік талаптары және энергетика саласының маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Мұндай экскурсиялар жас ұрпаққа энергетика саласын жақынырақ танып, болашақ кәсіби бағытын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.