Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

Шүлбі, Өскемен және Шардара гидроэлектр станцияларының қызметкерлері «АлЭС» АҚ-на барып, жасанды интеллект негізіндегі бейнеанализ жүйесінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында қатысушыларға жүйенің жұмыс қағидаттары, функционалдық мүмкіндіктері, сондай-ақ өндірістік нысандарда қолдану әлеуеті таныстырылды. Аталған технология өндірістік процестерді бақылау, тәуекелдерді алдын ала анықтау және қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында тиімді құрал ретінде қарастырылуда.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, автоматтандыру перспективаларын талқылауға, цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге арналған алаңға айналды.