Семей қ., Шүлбі к., Промзона шағын ауданы, 1 үй
reception@shges.kz
+7 (72353) 6-20-02

2023 жылдың 28 сәуірі Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдық мерей тойына орай «AES Өскемен СЭС» ЖШС және «AES Шульбі СЭС» ЖШС өндірістік серіктестермен бірлесе қала мектептерінің оқушылары арасында энергетика саласындағы мәселелерді шешуге арналған хакатон өтті. 13 қалалық мектептерден 10 құрама тобы қатысты.

Іс-шараның бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: 1 раунд - Kahoot арқылы, 2 раунд блиц-сауалнама, 3 раунд Серіктестердің тапсырмасы.

Хакатон қатысушыларының жұмысын бағалау үшін өндірістен білікті мамандар шақырылды: Кашкимбаев Зейн Саккович, «AES Өскемен ГЭС» ЖШС азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бойынша маман - қазылар алқасының төрағасы; Құмаров Медет Құрманұлы, АҚ Алтай аймағы «Біріккен энергетикалық сервистік компания»- қазылар алқасының мүшесі; Каримов Ержан Калымжанович, «Өскемен ЖЭО» ЖШС станциясының кезекші инженері - қазылар алқасының мүшесі.

Қазылар алқасының құрамына университет атынан АжДЭТМ деканы Ақаев Айбек Мұратбекұлы - қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын - «№34 мектеп-лицей»; 2 орын - «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі»; 3-орын - «№11 мектеп-лицей».

Жүлделі орын иелеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ барлық команда мүшелеріне сертификаттар табыс етілді.

Сондай-ақ бүгін «Менің мамандығым - энергетик» тақырыбындағы ЭССЕ байқауының қорытындысы шығарылып, жүлделі орынға ие болған студентерге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

«AES Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шульбинская СЭС» ЖШС серіктестеріміз, Бас директор Балатыров Асқар Сейітжанұлына және атқарушы директоры Айдабулов Тілек Исламбекұлына демеушілік көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

http://www.ektu.kz/newsevents/prishli-uvideli-pobedili!.aspx

Бұл туралы KASE хабарламасында жазылған.

Сәуірдің 28-і күні "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ " АЭС Шүлбі СЭС " ЖШС және "АЭС Өскемен СЭС" ЖШС-де 100% қатысу үлестеріне ие бола бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) есебіне сілтеме жасап.

2021 жылдың желтоқсанында араб инвесторларымен Шүлбі және Өскемен су электр станцияларын жекешелендіру бойынша келіссөздер жүргізілгені хабарланды.

Кейін Үкімет Қазақстан мен БАӘ үкіметтерінің басым салалардағы жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алды.

2022 жылдың 19 наурызында Энергетика министрлігі Өскемен және Шүлбі ГЭС-інің гидротехникалық құрылыстары жекешелендірілмейтінін және сатылмайтынын хабарлады.

Биылғы жылдың қаңтар айында тиісті саланың уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдары салалық оң қорытындысы берген жағдайда ГЭС "Самұрық-Қазына" қорына өтуі мүмкін екені белгілі болды

https://inbusiness.kz/kz/last/kazakstandagy-2-iri-ges-tin-iesi-auysty

Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорындарды аралады.

Ондағы ахуалмен танысып, жаңғыртудан өткен кәсіпорындарда болды. Ал Облыс әкімдігі алдағы жоспарларымен бөлісіп ауыл тұрғындарына берілетін жеңілдетілген несие жайында ақпарат берді.

Шүлбі гидроэлектростансасы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Онда қазір гидроэлектростансадағы негізгі жабдықтың жағдайын бақылайтын және ақауларды ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Жұмыс барысын көзбен көру үшін Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапары кезінде Шүлбі ГЭС-не барды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Станса басшылығы Шүлбі ГЭС-інің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту үшін бар күшін салуы тиіс. Стансаның қуаттылығын арттыру жөніндегі жоспарлар іске асыра отырып, жақсы нәтижелерге ұмтылу қажет. Бұған қоса, жалақы мәселесін шешу керек, біз «Самұрық-Энерго» алдына осындай міндет қоямыз.

Әлихан Смайылов жылына 10 тоннадан астам концентраттағы алтын өндіретін Жарма ауданында орналасқан Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында да болды. Мұнда орналасқан кен-байыту фабрикасының жабдықтары заманауи өлшеуіш құралдарымен және жергілікті автоматикамен жабдықталған. Былтыр зауыттың қуаттылығы артты. Қазір онда жылына 2,2 млн тонна кен өңдеуге болады. Кәсіпорын мұнымен шектелмей, енді бұл көрсеткішті 2,4 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Бизнестің проблемаларын жедел шешіп, оның дамуын тежейтін кедергілерді анықтау керек. Бұл салық салуға, кейбір әкімшілік мәселелерге, мысалы, рұқсатнама немесе басқа құжаттарды беруге қатысты болуы мүмкін. Іскерлік белсенділіктің артуын ынталандыру үшін бұл процестерді оңтайландыру қажет.

Сондай-ақ Премьер-Министр май өндіретін зауыт жұмысымен танысты. Мұнда тәулігіне 1000 тоннаға жуық күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс өңдеуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта дайын өнім ішкі нарыққа және көршілес елдерге жөнелтіледі. Бүгінде мұнда тазартылған май шығаруға мүмкіндік беретін құны 7 млрд теңге болатын жаңғырту жобасы әзірленуде. Оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржының басым бөлігін мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы тарту жоспарланған.

Николай Ушаков, зауыт басшысы:

- Біз биыл тәулігіне мың тонна май өндіретін жағдайға жеттік. Халық қолданатын күнделікті күнбағыс және зығыр майын өңдеп шығарамыз. Ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін тынбай еңбек етіп жатырмыз. Болашақта жаңа жобалар аясында жұмыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Әлихан Смайылов жұмыс сапары аясында облыстағы түйткілді мәселелерді рет-ретімен тыңдады. Әкімдіктің ауыл тұрғындарына жылдық үстемақысы 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарларын қолдады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/597046-smajylov-abaj-oblysyna-zh-mys-sapary-kezinde-sh-lbi-ges-ne-bardy

«XXI ғасыр энергетика саласындағы серпінді шешімдер дәуірі болуы қажет. Бұл тек энергетика саласының даму векторын ғана емес, планетамыздың алдағы мыңдаған жылдардағы тағдырын анықтайтын кезең болуға тиіс».

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мереке ні атап өту дәстүрі Кеңес үкіметі кезінен бастау алады. Бұл күн ең алғаш кәсіби мереке ретінде 1966 жылы ГОЭЛРО-ның (Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспары) елдің электрификациясының құрметіне бекітілген. Аталған жоспар 1920 жылы 22 желтоқсанда қабылданып, ХХ ғасырдың 20-30-жылдары КСРО-да жүзеге асырылған ауқымды жобалардың бірі болды. Содан бері « Энергетик күні н» мерекелеу күні 22 желтоқсан болып белгіленді.

Әлемдік дипломатияның бір бөлігі

Халықтың өсуі мен өмір сүру деңгейінің артуына байланысты адамзаттың энергияға сұранысы жыл сайын артып келеді. Яғни, адамзаттың электр қуатына тәуелділігі уақыт өткен сайын артпаса, еш кеміген емес. Бұл сала – үйлерді жылытып, көлік жүйесін отынмен қамтамасыз етіп, бүкіл өмірімізді жарықпен қамтамасыз ететін салалардың қозғаушы күші.

Энергияға деген жаһандық сұраныс халықтың өсуі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылауына байланысты бірте-бірте артып келеді. 2050 жылға қарай Жер шарының халқы 9 миллиардқа дейін жетеді деп болжануда. Бұл – қазіргіден 2 миллиард адамға көп. Дамушы елдердегі халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейі көтеріліп, орташа деңгейге жетеді. Сөйтіп, олардың тұрмыстық техниканы, компьютер, тағы сол сияқты энергияны көп тұтынатын басқа да құрылғыларды сатып алуға сұранысы артады. Осылайша, халықтың өмір сүру ортасы, мемлекеттің экономикасы энергия көздеріне тікелей байланысты болады. Бұл ретте оның өсіп, дамуы үшін энергия көздерінің үздіксіз жеткізіліп, қолжетімді болуы маңызды.

Еңбекқорлық – қанымызға сіңген қасиет

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан құрылған әрбір тәуелсіз мемлекет өздерінің Энергетиктер күнін белгіледі (Ресейде 22 желтоқсан). Біздің елде энергетика өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Кеңес дәуірінде құрылған мықты энергетика желісі Қазақстан энергетикасының берік базалық негізін құрды. Алайда уақыт бір орында тұрмайды. Энергия жабдықтарын, желілер мен қосалқы стансаларды, ЖЭС, ЖЭО, ГЭС-ті жаңғырту үшін бірқатар шаралар қабылданып, қаражат бөлінді, электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтынуды есепке алудың, оны ұтымды пайдалану мен үнемдеудің жаңа технологиялары енгізілді.

Тек генерациялау ғана емес, сонымен бірге ауқымды жоспарларды жүзеге асыру қабілеті – КСРО дәуірінен бастау алған Қазақстан энергетикасының бойына сіңген ерекше бір қасиеті. Бұған республиканың аты аңызға айналған атақты энергетиктерінің өмір жолы дәлел бола алады. Олардың еңбектері Қазақстан мен КСРО-ның алып энергетика саласының ондаған жылдарға жететін даму векторын анықтап берді. Олардың тұжырымдары, тұшымды ойлары бүгінгі күнге дейін талқылануда.

Атақты геолог, Лениндік сыйлықтың лауреаты және Қазақ КСР Геология министрі Шахмардан Есенов мұнай мен газға мол Маңғыстау түбегін Қазақстан құрамына енгізу қажетін айтқан болатын. Тіпті, республикамыздың осы өңірді дамытып, игеруі үшін ғылыми әрі өндірістік әлеуеті жеткілікті екенін дәлелдеп кеткен еді.

Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаған әрі оның тұңғыш директоры болған Шапық Шөкин Қазақстанның энергетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар ол Ертістегі Шүлбі мен Семейдегі ГЭС-ті жобалау мен оның құрылысының бастамашысы бола білді.

Академик Ш.Шөкин Ұлы Отан соғысы жылдарында танысқан аңыз адам әрі ГОЭЛРО-ның жоспар жетекшісі Глеб Кржижановскийді өзінің тәлімгері және ұстазы болғанын еске алады. Машина жасау кәсіпорындарының КСРО-ның еуропалық бөлігінен Қазақстанға көшірілуі электр энергиясына деген қажеттілікті көтерді, республиканың энергетика саласын дамытуға септігін тигізген оқиғаның бірі болды. Лениннің досы болған Глеб Кржижановский қазақстандық ғалымның Ертісте Бұқтырма СЭС-ін, Өскемен мен Қапшағайда су электр стансаларын, Алматыда СЭС каскадасын салу идеяларын құптаған еді. Бұл жұмыстар ГОЭЛРО-ның жоспарында да бар еді.

Жаңа талаптар

Электр энергетикасы – экономиканың негізгі салаларының бірі. Оның негізгі индикаторы – индустрияландырудың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, халықты үздіксіз энергиямен жабдықтау, елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жаңа өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қожалықтарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстан экономикасында электр энергиясын өндірудің қосымша көлемін талап етеді.

Ол үшін заңнамалық, бағдарламалық және практикалық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеп, оны жүзеге асыру қажет. Бұл шаралардың негізгі міндеттері: қоғамдағы энергия ресурстарына деген көзқарасты өзгерту, энергиятиімді салалар мен секторларға баса назар аудара отырып, экономиканы қайта құру, ескірген технологиялар мен жабдықтары бар жұмыс істеп тұрған өндірістерді іс жүзінде жаңарту. Бұл үшін өңірлерде, тұтастай алғанда ел экономикасын дамыту бағыттарының басымдығында ұзақмерзімді саясатты айқындау керек.

Мысал ретінде 2012 жылдың қаңтар айында Алматы энергоаумағында Мойнақ ГЭС-і бірегей су электр стансасының іске қосылғанын айтуға болады. Стансаның қуаты – 300 МВт. Мойнақ ГЭС-і Алматы қаласы мен облыс тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету әлеуетін едәуір жақсартты. Стансаның бірегейлігі оның жоғары қуаттылығында ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы тұтынушылардың энергияны суару жүйесінде пайдалануында жатыр.

Қазақстан көмірсутек шикізатының ірі қоры жинақталған 15 елдің қатарына кіреді. Яғни, Ресей мен Норвегиядан кейін ОПЕК-ке мүше емес елдерден Еуропаға энергия тасымалдаушылардың үшінші ірі жеткізушісі.

«Жалпы, біздің энергетикалық стратегиямыз әртараптандырылған, теңдестірілген, ұтымды әрі прагматикалық. Бұл тек біздің халқымыздың ғана емес, басқа ел халықтарының да мүддесіне сай келеді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге ел экономикасы мен халқының электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз етудің озық үлгісі қажет. Бұл ретте электр энергетикасы саласын дамытудың басымдықтарын нақты айқындау қажет. Ол үшін мына мәселелер көрсетіліп, ескерілуі тиіс: Қазақстанның және оның өңірлерінің экономикалық дамуы, елдің географиялық жағдайы (аумақтың ауқымдылығы және оның орналасуының әркелкілігі), электр энергетикасының жай-күйі, саланың отын базасы, ел өңірлері мен шектес мемлекеттер арасында энергетикалық байланыстың болуы, энергия үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саясаты, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия объектілері құрылысы құнының өзгеруіндегі әлемдік үрдістер, тарифтік саясат, кадр дайындау.

Қазақстанда энергетиканы дамытуға болатын мына шараларды жатқызуға болады: отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорларының болуы; жаңартылатын энергияның елеулі әлеуеті; электр энергиясын экспорттаудың транзиттік әлеуеті мен мүмкіндіктерінің болуы; энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша резервтер.

Көрсетілген мәселелерді шешу үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және экологиялық таза технологиялар базасында ПӘК-і жоғары генерациялау секторын дамыту, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, генерациялайтын қуаттар құрылымын оңтайландыру қажет.

Жаңартылатын көздер

Жуырда заңнамаға жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер қабылданды. Құжатта маневрлік қуаттардың көлемін және елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту үшін жағдай жасау көзделген.

«Бұрын оларға тек дамыған елдер ғана қол жеткізе алатын. Олар жаңа энерготехнологияларда білім мен техникалық тәжірибені жинақтауды қамтамасыз етті. Қазір дамушы елдердің осы үдеріске қосылу уақыты келді», – деп атап өтті Елбасы.

Бұдан өзге құжат келісімдерін орындау мемлекеттің Электр энергетикасы саласының тұрақты әрі нақты жұмыс істеуін, Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз етеді. Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері секторының инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Қазіргі энергетиканың басым бағыттарының бірі – электр көлігін дамыту.

Қазақстан көліктің жаңа түрін енгізу бойынша көшбасшы топқа кіреді. Жаһандық болжам бойынша 20 жылдан кейін қалалық автобустардың үштен екісі электр қуатымен жүретін болады. 2019 жылы Еуропада электроавтобустар қалалық автобустарды сатып алудың барлық көлемінің 10 пайызын иеленді. 2020 жылы олардың үлесі 20-ға дейін артады.

Қазақстанда электр автобусы өндірісінің серпінді дамуын экологиялық жобалар негізінде шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етуге болады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 миллионнан астам тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен, таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. «АЖК» АҚ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ.

«АЖК» АҚ-ның иелігінде барлығы 220/110/35 кВ 209 қосалқы станса, 7000 ТП, РП 220/110/35/10/6/0, 4 кВ 30 мың шақырымнан астам электр желілері, 850 000 астам электр энергиясын тұтынушылар бар. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Жер шары экваторының ұзындығы шамамен 40 мың шақырым.

Жылдан-жылға электр қуатына деген сұраныс артып келеді. Біздің міндетіміз – халықты сапалы әрі үзіліссіз электр қуатымен қамтамасыз ету. Бұл ретте Алматы энергетиктері электр энергиясының жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етуге ғана емес, оның сапасына да ерекше мән береді. Халықтың үмітін ақтап, оларға қолайсыздық тудырмау үшін «АЖК» АҚ-ның энергетиктері, электр стансаларының энергетиктері, KEGOC АҚ Ұлттық электр желісінің энергетиктері күн демей, түн демей еңбек етуде.

Мереке құтты болсын!

Үйлерді, кеңселер, аурухана мен емханаларды, мектеп пен балабақшаларды, кәсіпорындарды жарықпен қамтамасыз етуші мамандар – энергетиктер. Бұл – солардың қажырлы еңбегі. Жыл сайын мереке қарсаңында елімізде Энергетиктер күніне арналған түрлі іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, мерекелік концерттер, энергетикалық компаниялардың командалары арасындағы спорт жарыстары ұйымдастырылады. Іс-шарада сала ардагерлеріне, жұмысын абыроймен атқарған қызметкерлерге түрлі наградалар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Мемлекет энергетика саласының қызметкерлерін барынша қолдайды. Қызметкерлердің отбасыларына да қолдау көрсетіп, кәсіпорында нәтижелі еңбек етуіне барынша жағдай жасауға атсалысады.

Электр энергетикасы – ел экономикасының тамырына қан жүгіртіп, бойына нәр, тәніне қайрат беретін бірден-бір сала. Халыққа жылу мен жарық сыйлайтын бұл мамандық иелерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Жауапкершілігі мол мамандық иелеріне сәттілік тілеймін.

Мұхит ӘБІКЕҰЛЫ

https://aikyn.kz/97204/%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80-%D1%8D%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B/

Тәуелсіздік күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да тағы бір құзыреттілік орталығы пайдалануға берілді. Бүгін "Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы"ашылды.

Энергетика кез келген технологиялық процестің маңызды бөлігі екені белгілі. Сол себепті, құзыреттілік орталығын ашу - бұл энергетика саласы үшін сапалы кадрлар даярлаудың жаңа деңгейі болып табылады.

Орталықта бүгінде 50-ден астам зертханалық жұмыстардың тізбесі бойынша зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар, электр және жылу энергетикасының 20 зертханалық - зерттеу кешені орнатылған. Сонымен қатар, электротехникалық материалтану, жоғары кернеулі техника бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ететін "жоғары вольтты сынақтар" зертханасы жұмысын бастамақ.

"Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының" ашылуына энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.

- Университет жылдан жылға нақты қадам жасап дамып келеді. Мына ашлып жатқан құзыреттілік орталығы осыған дәлел. Бұл жерде студенттер тәжірибе арқылы кәсіби инженерлік біліктілікке үйренеді. Кейін мықты маман болып энергетикалық компанияларда қызмет атқаратын болады, - дейді "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС атқарушы директоры Тілек Айдабұлов.

Аталған орталықты қажетті техникалық талаптарға сай құрал –жабдықтармен қамтамасыз етуде "КЭМОНТ" АҚ көмек көрсеткен. Осылайша, білім алушылар заманауи құрылғыларды қолдана отырып дағдыларын шыңдайды.

Бұл орталықтың басты міндеті - студенттерді жылу энергетикасы және электр энергетикасы бағыттары бойынша базалық және кәсіби инженерлік біліктілікке үйрету. Бұдан басқа, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар энергетика саласында қажетті ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, осы орталықтың негізінде білім алушылар World Skills стандарттары бойынша жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысу үшін жаттыға алады. «Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының» арқасында университет энергетика саласында өңір үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін мықты мамандарды даярлау бойынша тірек ЖОО болады.

Ашылу салтанатынан кейін құрметті қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушыларға дәстүрлі және баламалы энергетика мектебінің жұмыстары таныстырылып, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Іс –шара барысында 1952 жылғы желтоқсанда бірінші гидроагрегат іске қосылған сәттен бастап мерейтойлық -100 млрд кВт/сағ өндірген Өскемен ГЭС басқармасынан ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймардановқа естелік мүсін мен құттықтау хат табысталды.

ШҚТУ-да құзыреттілік орталықтарын қалыптастыру - бұл білім беруде практикаға бағытталған тәсілді іске асыру, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту және ғылыми-техникалық әзірлемелер, шешімдер мен технологиялар үшін қажетті орта мен мүмкіндіктер жасау болып табылады.

https://ektu.kz/newsevents/shktu-da-energetika-salasyndafy-kuzyretter-men-tekhnologiyalar-transferi-ortalygy-ashyldy.aspx

2021 жылы 8 маусымда Мәскеуде "ИЗМАЙЛОВО" ҚК-да Бүкілресейлік "Энергетиканы қайта құру-2021" конференциясы өтті. Конференция 2009 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және электр энергетикасы кәсіпорындарын, электр станцияларының турбиналарын, қазандықтарын, жанарғыларын, градирняларын және басқа да жабдықтарын - ЖЭО, ЖЭС, ГРЭС, ГЭС, АЭС жаңғырту, БӨА автоматтандыру жүйелері мен аспаптары, желдету және газ тазалау, су дайындау және су тазарту жүйелерін жабдықтау, қосалқы жабдықтарды – сорғыларды, конвейерлерді, жылу алмастырғыштарды, компенсаторларды, арматураларды, персоналды қорғау құралдарын, тоттануға қарсы қорғаныс және оттан қорғау мәселелеріне арналған.

Конференцияны ұйымдастырушы-салалық БАҚ қолдауымен "ИНТЕХЭКО" ЖШҚ.

Осы жылы іс-шараның демеушілері "Флюитен" ЖШҚ және "СервисСофт Инжиниринг"ЖШҚ болды. Конференция шеңберінде шешілетін негізгі міндеттер - заманауи құрал-жабдықтарды, материалдарды, аспаптарды және тексерілген технологияларды таныстыру. Пайдалану, экологиялық және экономикалық аспектілерді ескере отырып, электр станцияларын қайта құру мүмкіндіктері мен тәжірибесін көрсету.

"Энергетиканы қайта құру" конференциясы өзекті тақырыптарға баяндамалар саны бойынша да, қатысушы компаниялар саны бойынша да жарқын және елеулі іс-шара болып табылады. "Энергетиканы қайта құру-2021" атты XIII конференцияға Ресей, Германия, Финляндия, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының 120-дан астам компаниясынан 165 қатысушы тіркелді: ЖЭО, ГРЭС, ЖЭС, АЭС, ГЭС, ОГК және ТГК электр станцияларының бас инженерлері мен техникалық директорлары, экологияға, автоматтандыруға, техникалық қайта жарақтандыруға және жөндеуге жауапты өндірістік-техникалық бөлімдердің бастықтары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жабдық өндірушілер мен инжинирингтік компаниялардың өкілдері.

Өз шешімдерін, технологияларын, аспаптары мен жабдықтарын ұсынғандар: "Флюитен" ЖШҚ, "СервисСофт" КТ, "АМАКС" КТ, "РQ Бойлер" ЖШҚ, "Миррико" КТ, "ЭЛСИБ" ҒТП ПАО, "КОТ" ЖШҚ, "тоттануға қарсы қорғаныш жабындары" ЖШҚ, "ИНТЕХЭКО" ЖШҚ, "Волга" НКФ ЖШҚ, "НТЦ "ЖШҚ кешенді жүйелер", "ЭМИС" жақ, "ЭлМетро-Инжиниринг" ЖШҚ, "Уральский" ақ турбиналық кеңсе", егер" ТСТ", "НТО" Экотоп "ЖШҚ, leistritz пумпен ГмбХ," ТЕРМОМЕККАНИКА Рус "ЖШҚ," Ю-Системс "ЖШҚ," бакс "НТФ ЖШҚ" Термобрест" ЖШҚ Тмим "ЖШҚ, "ФИНГО-комплекс" ЖШҚ және т.б.

Конференция басында конференция тақырыбы бойынша 26 баяндамасы бар жинақ және 200-ден астам файлы бар электрондық мұрағат (презентациялар, каталогтар, журналдар, бейнеге сілтемелер) әзірленді. Конференция бағдарламасында 19 баяндама күндізгі, қалғандары сырттай ұсынылды.

Конференция бағдарламасын сілтеме бойынша қараңыз:

Қатысушыларға алдын-ала жазылған бейне сәлемдесуге сілтеме мысалы:

Конференц-зал холында жаңа шешімдер мен жабдықтарды көрсету үшін көрме өткізілді. Конференцияға қатысушылар тізімінде: Адлер ЖЭС, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Алматы электр станциялары, Атомстройэкспорт, Атомтехэнерго, АЭС Шүлбі ГЭС, Өскемен ГЭС АЭС, Балқаш ЖЭО, башқұрт өндіруші компаниясының электр станциялары, Белорус металлургиялық зауыты, Брестэнерго, Верхнетагильская ГРЭС, Владимирская ЖЭО-2, Газпромнефть-Битум материалдары, ТМК Норильск никель, Гусинозерская ГРЭС және басқа да Интер-РАЭК филиалдары бар. электрогенерация, Қиыр Шығыс генерациялаушы компаниясы, т плюс жақ филиалдары, қазэнергоөнеркәсіптікғзжі институты, Қазмырыш, Калуга ЖЭО, Смоленск ЖЭО-2 және "Квадра" жақ басқа бөлімшелері, Калинин, Курск және Кола АЭС, минскэнерго филиалдары, Мечел-Энерго, Мосэнерго, Новополоцк ЖЭО, Новосибирск ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Норильскгазпром, ҰКП Компенсатор, күш машиналары, Смоленск ГРЭС, Сызран МӨЗ, ТАИФ-ҰК, қазан ЖЭО-2 және Татэнергоның басқа да филиалдары, ТГК-14 филиалдары, Узметкомбинат, Өскемен ЖЭО, якут өндіруші компаниясы және басқалары. 2021 жылдан бастап конференцияға қатысушылар қатысудың күндізгі немесе сырттай форматын таңдай алады. Барлық қатысушылар (күндізгі және сырттай) эл.конференция материалдарына пошта сілтемелері (жинақ және каталог, эл. мұрағат, алдын-ала жазылған бейнелерге сілтемелер) және қатысушылардың дипломдарын алды.

Сондай-ақ, қатысушылар конференц-залға қатысып, күндізгі баяндамаларды тыңдап, кофе-брейктер мен көрмеге қатыса алды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қатысушылар үшін байланыссыз термометрия, папкалардағы маска мен қолғап, холлдағы Автоматты антисептиктер, арнайы белгілер мен ақпараттық тақтайшалар, залда шахмат отырғызу мүмкіндігі, креслолардағы жапсырмалар және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген.

Конференцияның фотоальбомына сілтеме:

Конференцияда бейнежазба жүргізілді және бейне өңделгеннен кейін ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға (күндізгі және сырттай) бетпе-бет баяндамаларға сілтемелер жібереді.

"Энергетиканы қайта құру-2021" XIII Бүкілресейлік конференциясын өткізуді келесі журналдар қолдады: энергетикадағы Автоматтандыру және IT, тірек нүктесі, энергия қауіпсіздігі және энергия үнемдеу, Химиялық және мұнай-газ машина жасау, премиум техникалық кеңес, Энергетик, Электр станциялары, Шаң-газ тазарту, Ресейдің коммуналдық кешені, Жылу энергетикасы, релелік қорғау және автоматтандыру, Атом стратегиясы, интернет-порталдардан: PRoAtom.ru, Энергосовет, газеттерден: Ресейдің Энергетикасы мен өнеркәсібі.

Сондай-ақ конференц-залда ақпараттық демеушілердің газеттері мен журналдары, конференцияға қатысушылардың жабдықтар каталогтары және, әрине, қосымша маскалар мен қолғаптар ұсынылды.

"ИНТЕХЭКО" ЖШҚ конференция жаңа технологиялар мен жабдықтарды таныстырудың тиімді мүмкіндігін тағы бір рет ұсынды деп санайды. Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, баяндамашыларға және ақпараттық серіктестерге іс-шараны қолдағаны және бағдарламаны, жинақты және электрондық мұрағатты қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.

Келесі XIV Бүкілресейлік конференция "Энергетиканы қайта құру - 2022" 2022 жылдың 7 маусымында "Измайлово" ҚК (Мәскеу қ.) өтеді.

"ИНТЕХЭКО" конференциялары жыл сайын кесте бойынша өткізіледі: "МЕТАЛЛУРГИЯ-ИНТЕХЭКО" (наурыз), "Коррозияға қарсы қорғау" (наурыз), "Энергетиканы қайта құру" (маусым), "Шаң-газ тазарту" (қыркүйек), "Өнеркәсіптегі су" (қазан) және "Өндірісті автоматтандыру" (қараша).

http://www.tehsovet.ru/novosty/4983.html

Нұрсұлтан. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару туралы Жолдауында айтылған тапсырмасының қалай орындалғаны туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында айтқан тапсырмасын келтірді.

Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі"атты Жолдауында: "инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару бойынша жұмыс Үкімет үшін басым бағытқа айналуда", - делінген.

Берік Уәли "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ"АҚ 1,3 трлн теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асырғанын, 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, оның ішінде, Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру кеңейгенін, Шүлбі ГЭС – інің Ақтоғай-Талдықорған-Алма 500 кВ желісінің салынғанын, Атырау МӨЗ-інде мұнайды терең өңдеу кешені салынғанын, Таразда газ тарату желілері жаңғыртылғанын, сондай-ақ Маңғыстау облысында газ тарату желілерін жетілдіру, реконструкциялау және салғызу жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Шардара ГЭС-і жаңғыртылды, Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын күкіртсіздендіру қондырғысы салынды, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырында 4 компрессорлық станция салынды.

2020 жылдың соңында «KEGOC» АҚ жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін құруды аяқтады. Жүйе БЭЖ жұмысының нақты режимінің үздіксіз мониторингін жүзеге асырады және телеметрия деректері ауытқулардың анықталғанын куәландыратын болса, жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станцияларының генерациясын өзгертуге команда жібереді. Жүйе отандық электр станцияларының маневрлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, демек, олардың кірістілігін арттыруға, сондай-ақ ресейлік энергия жүйесімен шекарадағы теңгерімсіздікті екі есе азайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылы ЖҚАР-ға Екібастұз 1-ГРЭС, Мойнақ ГЭС, Бұқтырма ГЭС, Шүлбі ГЭС және Өскемен ГЭС-ін қосу жоспарлануда. Бұл ретте «KEGOC» АҚ ЖҚАР-ды реттеу ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта реттеу жүйесіне «Топар басты таратушы энергостанциясы» ЖШС және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС ПГТЭС қосылу мәселелері талқылануда. Сондай-ақ, Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі тарапынан ЖҚАР жобасына қызығушылық бар.

Қазақстанда ЖҚАР сияқты технологиялық жағынан күрделі және терең ғылымды қажет ететін жобалардың енгізілуі сирек кездеседі. Бұл ретте жүйені жобалаудан бастап ретке келтіруге және іске қосуға дейінгі барлық кезеңдерде отандық компаниялар – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КАҚ, «Казсельэнергопроект» институты» ЖШС, «Энергоинформ» АҚ және «JBR Group» ЖШС, сондай-ақ ресейлік «Энергожүйелерді автоматтандыру институты» АҚ жұмылдырылды. Жобадағы бірлескен жұмыс қазақстандық мамандардың бірегей құзыреттерін дамытуға ықпал етеді. Болашақта бұл отандық компанияларымызға шет елдердің энергожүйелерінде ұқсас цифрлық жүйелерді құру кезінде жинақталған тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.

ЖҚАР жүйесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін енгізу» жобасы шеңберінде енгізіледі. ЖҚАР пайдалануға енгізілгеннен бастап Жүйелік оператордың пайдасы жылына 800 млн теңгені құрауы мүмкін.

https://sknews.kz/news/view/kegoc-cifrlyk-tehnologiyalary-tengerimsizdik-eki-ese-azayady

«Алтай келісімі» 8 мың акционерді қан қақсатуда.

Автор:

Жанат Ардақ «Алтай келісімі» 8 мың акционерді қан қақсатуда.

Таяуда Мемлекет басшысы мақұлдаған, 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына сәйкес, мемлекеттің 5 триллион теңге көлеміндегі активтері бәсекелестік ортаға берілмек. Осы жоспар аясында Үкімет «Өскемен ГЭС-і» мен «Шүлбі ГЭС-і» ЖШС-лерін барлық станцияларымен бірге жекенің қолына беруге ниетті.

Статиге AES қосылатын еді...

Мемактивтер айналасындағы дау осыдан 24 жылдай бұрын бекітілген, елге «Алтай келісімі» атымен белгілі болған құпия мәміледен туындаған-тын. Арада он жылдай уақыт өткенде жаңа Үкімет өз мінеттемелерін орындамаған АҚШ компаниясымен айтысып, тартыса бастады.

Мысалы, 2010 жылдың сәуір айының ортасында сол кездегі Табиғи монополияларды реттеу агенттігі AES-ті инвестициялық міндеттемелерін орындамай отырғаны үшін айыптады. Антимонополиялық орган төрағасының сол кездегі орынбасары Анатолий Шкарупа америкалық компанияның 459 миллион доллар міндеттемесін сөз жүзінде қалдырғанын мәлімдеді. Соның ішінде «Шүлбі ГЭС-і» бойынша 396,59 млн (орындамау 94,4%), «Өскемен ГЭС» – 32,97 млн (82,4%), «Өскемен ЖЭО» – 21 млн (35%), «Согра ЖЭО» – 8,96 млн доллар (35,8%).

Осы стратегиялық нысанның бәрі тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында жатжұрттық корпорацияның иелігіне табысталды. Билік «батыстық инвестор кеңес кезінен тоза бастаған станцияларға мол қаражат құяды» деп күтті. Шынында олай болмады.

AES өзін кінәлауға қарсы шықты: айыптаудың бәрін негізсіз және шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. АҚШ инвесторларының еліміздегі өкілі Дәулет Ахметов антимонополиялық органның өзіне қарсы шабуылдап: «бұл агенттіктің инвесторларға қатысты мұндай мәлімдеме жасауға өкілеттігі жоқ!» деп дүрсе қоя берген.

Егер сол кезде Үкімет тегеурін танытып, стратегиялық нысанның бәрін мемменшікке қайтарғанда, яғни, «национализациялағанда», онда қазір Марат Бекетаев жалғыз Статиға ғана бас қатырмас еді: оған америкалық алпауыт қосылуы ықтимал-тын.

1997 жылы Әкежан Қажыгелдин басқарып тұрған тұста Қазақстан Үкіметі мен америкалық AES арасында бекітілген «Алтай келісімінде» барлық даулар Лондон арбитражында шешілуге тиістігі көрсетіліпті. Сол шартқа байланысты республика AES-ке Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан станцияларды 20 жылға табыстағаны мәлім.

Инвестор міндеттемесін орындамаса да, ел Үкіметі шыдап бақты.

2007 жылы АЕS «Екібастұз ГРЭС-1» станциясын «Kazakhmys»-қа 1,5 млн долларға сатты. Ал сол жылдың 2 наурызында бұл компания «Екібастұз ГРЭС-1»-дің 50%-ын «Самұрық-Қазынаға» 681 млн долларға өткізгенін жария етті.

576 мыңнан астам тұрғын үй, мемнысан және бизнес кәсіпорындарына қызмет көрсеткен және олар тарапынан үнемі шағым естіген AES ақыры өз еркімен қазақстандық нарықты тастап шықты.

«1997 жылғы 23 шілдеде Қазақстан мен «АЭС Сантри Пауэр Лимитед» (АҚШ) компаниясы арасында 4 қуат өндіруші компаниясы сату-сатып алу және 2 гидроэлектр компаниясын – «Шүлбі ГЭС-і» мен «Өскемен ГЭС-ін» 20 жылға концессияға беру туралы келісім (Алтай келісімі) бекітілді. 2007 жылғы 17 қыркүйекте «Шүлбі ГЭС-інің» 92,14% акциялар пакетін «Самұрық-Энерго» АҚ жарғылық капиталының төлеміне беру жөнінде шешім қабылданды. Нәтижесінде, «Самұрық-Энерго» 2008 жылғы 4 қаңтарда «Шүлбі ГЭС-інің» 92,14% акциясының иесіне айналды. 2017 жылғы 1 қазанда «Алтай келісімінің» әрекет ету мерзімі аяқталды. Сондықтан 2017 жылғы қазанда AES-тің «Шүлбі ГЭС», «Өскемен ГЭС» ЖШС-ларындағы үлесі республикалық меншікке көшіп, Энергетика министрлігіне берілді», – делінген «Самұрық-Энерго» ақпаратында.

ГЭС қызметкерлері акцияларынан қағылды

Билік пен инвесторларының текетіресінен кәсіпорын қызметкерлері зардап шеккен көрінеді. Сәуле Дүйімбаеваның дерегінше, «Алтай келісімі» бекітілген тұста акционерлік қоғамның шамамен 10% акциялары «Алтайэнерго» қызметкерлерінің меншігінде болыпты.

«AES компаниясы концессионер болған тұста аталған ГЭС-тердің активін тегіс жеке ЖШС-лар иелігіне көшірді. Содан тек 2017 жылы ғана ол ЖШС-ларды мемлекетке қайтарды. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ол ЖШС-ларды Энергетика министрлігінің басқаруына тапсырды. Ал активтен жұрдай, бос қалған АҚ болса, «Самұрық-Энергоның» балансында жатыр. Осылайша, бастапқыда ГЭС-тер инвесторға ұсынылғанда, 10% акциялары жеке тұлғаларға тиесілі болатын. Ал кейін ГЭС-терді ЖСШ түрінде кері қайтарып алғанда, мемлекет оның 100% акцияларының иесі болып шыға келді», – деп қапаланады ол.

«Шүлбінің» ұсақ инвесторлары «Бұқтырма ГЭС» АҚ-ындағы әріптестеріне қызыға қарайды: бұл су электр станциясының активтері ешқандай ЖШС-ға ауыстырылмапты. Нәтижесінде, акцияларының 10 пайызы жұмыскерлер қолында қалды, 90%-ы «Самұрық-Энерго» иелігінде және «Қазмырыштың» концессиялық басқаруында.

«Бұл АҚ өз акционерлерінің барлық құқығын сақтап отыр. Тұрақты түрде дивидендтер төлейді. Екеуі де бірдей ГЭС қой. Бірақ «Шүлбіде» 8 мыңнан аса адамның – миноритарлық акционерлердің құқығы аяқасты етілуде. Ол адамдарды билікте ешкім еске алар емес. Олардың бәрі дерлік бүгінде зейнеткер: бұл жаста өз құқығы мен мүлкін белсенді қорғауға мүмкіндігі жоқ. Ал мемлекет болса, өз азаматтарының мүддесін қорғамайды», – дейді Сәуле Дүйімбаева.

Осы мәселеге қатысты түсініктеме берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев AES компаниясы 20 жыл өткен соң, 2018 жылғы қазанда мемлекетке «AES Өскемен ГЭС» және «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-ларының 100% үлесін қайтарғанына сілтеді.

«2020 жылғы 29 желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Бүгінде сол жоспарға сәйкес, «AES Өскемен ГЭС» және «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-лары жекешелендіруге жататын Республикалық меншіктегі ірі ұйымдар тізіміне кірді. Қос кәсіпорын да заңды тұлға саналады, демек, олар өз акционерлерімен арадағы мәселелерін де заң аясында шешуі керек», – деді Қаржы министрі.

Энергетика министрлігі акционерлеріне дивидендті «AES Өскемен ГЭС» және «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-лары төлеуге тиістігіне назар аудартты.

«Азаматтық кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғалардың өз мойнына алған міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Тиісінше, азаматтар мен заңды тұлғалар да Қазақстан Үкіметі алған міндеттемелер үшін жауапты болмайды. Қос ЖШС да іс басындағы заң тұлға саналады. Ендеше олардың акционерлер алдындағы міндеттемелері де заң жүзінде реттелуге тиісті», – деп сырғытпа жауап қайырды ведомство.

Қос станция сатылып кетсе, жаңа қожайын бұрынғы ұсақ акционерлерді көзге де ілмеуі кәдік.

Жанат Ардақ Материалмен әлеуметтік желіде бөлісу:

https://inbusiness.kz/kz/news/kop-zhylgy-dauga-shatylgan-shulbi-ges-i-kajta-satylmak

«Су тасқынының алдын алуға және күресуге бағытталған өңірдің дайындық шаралары белгіленген жоспарды талқыладық. 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов

Оның айтуынша, Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді. Алайда мұздың қатуы байқалады. Облыс өзендерінің басым бөлігіндегі мұздың қалыңдығы 2018-2020 жылдардың көрсеткіштерінен жоғары. Бұқтырма өзенінде 60-тан 70 см-ге дейінгі аралықта.

«Қауіпті төмендету мақсатында Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 18 учаске анықталды. Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге облыстық бюджеттен бірінші кезекте жарылыс және жағалауды нығайту жұмыстары үшін қажетті қаражат бөлінетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар барлық су қоймалардағы судың деңгейін бақылауды тоқтатпау қажет, оның ішінде «Қазсушаруашылығына» қарасты аумақтар да бар», – деді Даниал Ахметов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ

https://zanmedia.kz/55475/shy%d2%93ys-%d2%9baza%d2%9bstan-oblysynda-90-nan-astam-eldi-mekende-su-basu-%d2%9baupi-bar/