версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Оқиғалар, станция жаңалықтары

Оқиғалар, станция жаңалықтары

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Шүлбі ГЭС-те болды

28.08.2024

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Шүлбі ГЭС-те болып, станцияның екінші кезегін салу жобасын іске асыру бойынша есептерді тыңдады.



Өндірістік қауіпсіздік бойынша тәжірибе алмасу

26.08.2024

Шүлбі және Өскемен ГЭС-терін «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның» жиырмаға жуық кәсіпорындарының мамандары арнайы барып, қауіпсіздік және еңбек қорғау жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза жағалау» экологиялық акциясы

21.08.2024

Біздің станция «Таза жағалау» экологиялық акциясына белсенді қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында станция қызметкерлері, сондай – ақ ауылымыздың басқа ұйымдарының өкілдері жағалауды тазарту мақсатында күш біріктірді.


Қысқа дайынбыз

18.10.2023
Жыл сайын Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС үшін күзгі кезең – қиын қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын растайтын уақыт. Міндетті шарт — дайындық паспортын алу. Құжат кәсіпорындарда барлық ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізілгенін, ақаулар жойылғанын, жабдық жұмыс істеп тұрғанын растайды.

Жөндеу науқаны қызу жүруде

18.10.2023
ГЭС-те жоспарлы жөндеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС - тің ең ірі жобасы-1990 жылы пайдалануға берілген №5 гидроагрегатты күрделі жөндеу. Пайдалану басталғаннан бері гидроагрегат 151 165 сағат жұмыс істеген кезде 11 млрд. кВт*сағ астам өндірді.

«Жас суретші» конкурсы

18.10.2023
"Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы" АҚ балалар суреттерінің онлайн конкурсын өткізеді. Байқау комиссиясы талантты балалардың арасында ең жақсы жұмыстарды таңдау барысында қиындыққа тап болды.

Шүлбіліктердің спорттық жетістіктері

18.10.2023
 Көптеген жылдар бойы Шүлбі ГЭС қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін сәтті орындап қана қоймай, ШҚО энергетиктерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған энергетиктер спартакиадасына белсенді қатысады. Біздің команда спартакиаданың барлық жарыстарына қатысады және бірде-бір жарыстан біздің әріптестеріміз жүлделі орынсыз кетпегенін атап өткен жөн!

30 жыл қас қағым сәтте…

18.10.2023
Иван Васильевич, отыз жыл деген бүтін бір өмір ғой, екі буынның толысып жеткен уақыты, ал сізде бұл бір станциядағы қызмет. Шүлбі ГЭС-і отыздан біраз асты, 35 жарымға келді. Демек, сіздер аяққа тұруды бірге өткіздіңіздер...

Штаттан тыс жағдайда штаттық режимде жұмыс істеді

18.10.2023
Маусым айында Абай облысында орман өрттеріне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Мұндай жағдайда Шүлбі ГЭС басшылығы мен персоналы ықтимал ТЖ-ның алдын ала пысықталған сценарийлері бойынша үйлесімді әрекет етті.

Жылдың спорттық қорытындылары

17.01.2022
Соңғы екі жылда пандемиялық шындық Шүлбі ГЭС спортшыларының спорттық белсенділігін едәуір қысқартты. алайда станцияда Энергетик Күніне арналған волейбол және минифутбол бойынша цехтар арасында дәстүрлі жарыстар өткізілді. Өткізілген жарыстар қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей бөлінді. Волейболдан бірінші орынды электр цехының командасы алды, екінші орынды Гидромеханикалық цехтың құрама командасы алды, үшінші орынды ОПиПР, ОЖУ, және пайдалану цехының қызметкерлерінен құралған құрама команда алды, төртінші орынды МТЖ, ОГЗ, СИТиК құрамындағы команда алды.

Страницы: 1 2 3 4 5 След.