18.10.2023
"Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы" АҚ балалар суреттерінің онлайн конкурсын өткізеді.
Байқау комиссиясы талантты балалардың арасында ең жақсы жұмыстарды таңдау барысында қиындыққа тап болды. Байқауға барлығы 170-тен астам бала қатысты.
Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіледі: 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар: "Әкем, анам, мен бақытты отбасымын"; 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: "Болашақтың энергетикасы"; 13 жастан 16 жасқа дейінгі балалар: "Жаңа Қазақстан". Байқауға Шүлбі ГЭС-тен төрт бала қатысты: Ержан Азиза, 8 жаста, Нұрмұхамедова Жансая, 15 жаста, Мұхтарұлы Сартай , 11 жаста және Бейсебекова Тамина, 8 жаста.
Конкурстық комиссия барлық қатысушыларға шығармашылығы мен ынта-жігері үшін алғысын білдірді. Бұл жұмыстар керемет шығармашылық жетістік ретінде мәңгі есте қалады. Әрбір қатысушыға жіберілген жұмысы үшін сертификат, сондай-ақ ақшалай сыйлық берілді. Тартылған сарапшының айтуынша, сертификаттар ЖОО-ның көркемсурет-графика факультеттеріне түсу кезінде конкурсқа ұсыну үшін жарамды.