Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі
Қызметкерлердің, мердігерлік ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың қызметкерлерінің, өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді (қауіп-қатерлерді) жою, жұмыстардың қауіпсіз орындалуы Кәсіпорынның басты мақсаты болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жұмысты және денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында Еңбекті Қорғау және Қоршаған Ортаны Қорғау Қызметі құрылды. Қызмет қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарын, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайтын ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
ЕҚ және ҚОҚҚ негізгі функциялары:
-
Жаңадан қабылданған және іссапардағы қызметкерлер үшін кіріспе нұсқамаларды жүргізу.
-
Әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және ұйымның барлық бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
-
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек туралы заңнамасының стандарттарын, ережелерін мен нормаларын, жоғары тұрған органдардың нұсқамаларын, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
-
Жекелеген учаскелерде, машиналарда, тетіктерде және станоктарда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпті болған жағдайларда жұмыс істеуге тыйым салу.
-
Қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзуа жол берген тұлғаларды жұмыстан шеттету.
-
Жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, олардың алдын-алу шараларын әзірлеу. Осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды іске асыру.
-
Еңбек жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
-
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ұйымның жұмысы туралы анықтамаларды, ақпараттарды, жиынтық есептерді дайындау.
-
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша стандарттар мен нұсқаулықтардың, ережелердің, нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Оларды өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныстарды дайындау.
-
Ұйымның еңбек жағдайын жақсартатын жабдықтармен және тетіктермен, сондай-ақ ұжымдық және жеке қорғау құралдарымен жабдықталуына бақылауды жүзеге асыру.
-
Қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметкерлердің ұсыныстарын және өтініштерін қарастыру.
-
Қызметкерлерді жыл сайынғы алдын ала тексеруден және ауысым сайын медициналық куәландырудан өткізу.
-
Станция қызметкерлері арасында санитариялық-профилактикалық жұмыс және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету.
-
Станция қызметкерлерін сауықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
-
Қызметкерлерді және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ ықтимал ТЖ жағдайында іс-әрекеттерді оқытуды ұйымдастыру.
"АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС-нің еңбекті қорғауды басқару жүйесі еңбекті және денсаулықты қорғау саласындағы уақытпен сыналған, үздік әлемдік тәжірибелерге негізделеді.
Кәсіпорынның сақтандыратын қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздікті, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша мақсатты аралауды тіркеу бағдарламасы қызмет істейді – «Қауіпсіздік саласындағы айналып өту».
Кәсіпорынның «Қауіп-қатерлерді анықтау, бағалау және басқару» нұсқаулығының негізінде жыл сайын әрбір құрылымдық бөлімшелерде жұмыстағы және жұмыс аймақарындағы қауіп-қатерлерді бағалау жүргізіледі және аталған қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған және олардың жұмысын қадағалау іс-шаралары әзірленеді.
Жүргізілген қауіп-қатерді сәйкестендіру және тәуекелді бағалау нәтижелері денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарды белгілеу, жабдықтарды жаңғырту, жөндеу, сондай-ақ нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыс өндірісінің алдында тәуекелдерді бағалау кезінде пайдаланылады.
Станциядағы нарядтар мен өкімдер бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына және Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыстардың кез келген түрін бастамас бұрын ЖҚТ (жқмыс қауіпсіздігін талдау) жүргізіледі және оны арнаулы бланкіге ресімдейді, онда осы жұмыстар түріне және жұмыс орнындағы қатысушыларға тән барлық тәуекелдер, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын орындауға қажетті шаралар көрсетіледі.
Кәсіпорында қызметкерлерді ең заманауи және сапалы ЖҚҚ қамтамасыз етуге үлкен мән беріледі.
Кәсіпорында Шүлбі кенті мен Новобаженово ауылының мектеп оқушыларын электр қауіпсіздігі негіздеріне қосымша оқыту бағдарламасы бар. Оқушылармен жұмыс бағдарламасы өзіне көшелерде және үйде электр аспаптарымен жұмыс істеу бойынша оқу бейнежазбаларын, презентацияларды, әңгімелерді, тәжірибелік жаттығуларды көруді қосады.
Кәсіпорынның «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және экология саласында ынталандыру және жақсарту бағдарламасы» Ережесіне сәйкес тоқсан сайын станция қызметкерлеріне сыйақы беріледі. Қызметкерлерді марапаттау критерийлері: ТҚ және ҚОҚ Күніне дайындықтың және таныстыру материалдарын сапалы болуы, станция және мердігерлік ұйым қызметкерлерін оқытуды өткізуді ұйымдастыру, ТҚ және ҚОҚ бойынша акцияларға қатысу (электр қауіпсіздігі бойынша мектептегі сабақтарға, экологиялық акциялар және т. б), ТҚ және ҚОҚ бойынша сапалы аралауды өткізу және ТҚ және ҚОҚ бойынша басқа да іс-шаралар.
Кәсіпорында мердігерлік ұйымдарды басқаруға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар станциядағы жұмыстың басым бөлігі мердігерлік тәсілмен орындалады және Басшылық "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС қызметкері мен мердігерлік ұйымдардың қызметкері деп бөліп-жармайды – бізге станцияда жұмыс істейтін әрбір қызметкердің денсаулығы мен өмірін сақтау маңызды.