версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Жолдау: 1,3 трлн теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асырылды

Жолдау: 1,3 трлн теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асырылды

08.06.2021
  • 14.05.2021
  • ҚазАқпарат (inform.kz)

Нұрсұлтан. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару туралы Жолдауында айтылған тапсырмасының қалай орындалғаны туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында айтқан тапсырмасын келтірді.

Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі"атты Жолдауында: "инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару бойынша жұмыс Үкімет үшін басым бағытқа айналуда", - делінген.

Берік Уәли "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ"АҚ  1,3 трлн теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асырғанын, 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, оның ішінде, Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру кеңейгенін, Шүлбі ГЭС – інің Ақтоғай-Талдықорған-Алма 500 кВ желісінің салынғанын, Атырау МӨЗ-інде мұнайды терең өңдеу кешені салынғанын, Таразда газ тарату желілері жаңғыртылғанын, сондай-ақ Маңғыстау облысында газ тарату желілерін жетілдіру, реконструкциялау және салғызу жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Шардара ГЭС-і жаңғыртылды, Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын күкіртсіздендіру қондырғысы салынды, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырында 4 компрессорлық станция салынды.


Бұрын