версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Заңсыз балық аулаушыларға тоқтам салды

Заңсыз балық аулаушыларға тоқтам салды

20.10.2020
  • 17.08.2020
  • Егемен Казахстан (egemen.kz)

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді. Egemen Qazaqstan Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анық­талды. Бұл бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйы­м салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мер­зімде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жі­берілді. Сондай-ақ 9 801 384 тең­геге айыппұл салынды,

5 415 850, 6 теңге сомасындағы за­лал­ды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолда­нылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моноталшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 ки­ло заңсыз олжаланған балық тәркіленді.

Жыл басынан бері аумақтық инспекцияның лауазымды тұл­ғалары табиғат қорғау заңна­масын бұзу фактілері бойын­ша 7 қыл­мыстық іс қозғады. Нә­ти­же­­сінде 9 адам жауапкер­ш­ілік­ке тартылды. Құрамына мүд­де­лі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіре­тін жедел топтар құрылды. Құқық қор­ғау органдарының өкілдерімен жүр­гізілген 32 бірлескен рейд­тік іс-шара барысында 8 құқық­бұзушылық ашылды.

Өңірдегі су айдындарында 2020 жылғы 15 ақпаннан бас­тап 2020 жылғы 1 шілде ара­лығында балықты және басқа су жануар­ларын аулауға бекітілген лимит 3804,973 тоннаны құрайды, оның 3591,591 тоннасы, 94,3%-ы иге­­рілді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша халық­аралық және республикалық ма­ңызы бар балық шаруашылығы су ай­дындарында 3206,4 мың теңге сомаға 2658 мың дана балық жі­бе­рілді. Жергілікті маңызы бар ба­лық шаруашылығы су айдындарында 350 мың теңге сомаға 1000 мың дана балық жіберілді.

Келтірілген залалды өндіріп алу есебінен «Шүлбі ГЭС» ЖШС 2 917 707 теңге сомаға 132623 дана, «Өскемен ГЭС» ЖШС 6 955 847 теңге сомаға 297 730 дана, «Казцинк» ЖШС 1 773 333 теңге сомаға 70933 дана балық жіберу жұмыстарын жүргізді.


Бұрын