версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Ертіске 100 мың сазан шабағы жіберіледі

20.10.2020

Сазан шабақтары Қарағанды облысынан жеткізіледі.

Ертіс өзеніне сазан шабақтары жіберіледі. Бұл туралы Шүлбі су электр стансасының қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады, деп жазады Аltaynews.kz.

«Шүлбі су қоймасына балық жіберу акциясы осы қазан айына жоспарланған. Шамамен, 100 мың сазан шабағы Ұлан ауданы аумағында Ертіске жіберіледі», – деді «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Светлана Нищенко.

Айта кету керек, былтыр да дәл осы уақытта су қоймасына балық жіберілген болатын.


Бұрын