версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жүргізуде

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жүргізуде

27.04.2021

Өскемен - Семей // 23 сәуір 2021 ж. Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссия ГЭС-тің Ертіс каскады үшін Ертіс өзенінде табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезеңін анықтады. Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешіміне сәйкес Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау мақсатында өтемдік су жіберуін бастады.

Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ертіс өзенінің барлық су пайдаланушыларының: гидроэнергетиктердің, ауыл, су, балық шаруашылықтарының, сондай-ақ суды халық үшін пайдаланатын шаруашылық - ауыз су тұтыну қызметтерінің мүдделерін сақтауды ескере отырып, су жіберудің жалпы көлемін 5, 77 км3 мөлшерінде анықтады. Судың аздығына байланысты су жіберу көлемі 2020 жылға қарағанда аз, ол 6 км3-тен асады.

21 сәуір мен 18 мамыр аралығында Өскемен ГЭС гидроқұрылысы арқылы өтетін судың орташа тәуліктік көлемі 550 - ден 1060 м3/сек дейін (өткізу қабілеті 4200 м3/сек астам), Шүлбі ГЭС-інде-1000-нан 3500 м3/сек дейін (өткізу қабілеті 8000 м3/сек астам) құрайды. Су жіберудің мақсаты-Ертістің және іргелес су экожүйелерінің салауатты жай-күйін қолдау үшін қажетті ағын режимін қамтамасыз ету.

Су жіберудің орташа тәуліктік көлемі тұрақты шама болып табылмайды және ауа-райы жағдайлары немесе Шүлбі су қоймасының бүйірден құйылу көлемі өзгерген кезде өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда табиғатты қорғау мақсатында су жіберу режимін көлемі бойынша да, ұзақтығы бойынша да түзетуді «ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ жүргізетін болады.

Гидростанцияға табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезінде максималды жүктеме түседі, сондықтан осы кезеңнің басында негізгі жоспарлы күрделі және ағымдағы жөндеулер аяқталады. Гидротехникалық құрылыстарды көктемгі комиссиялық тексеру жүргізіледі, олардың шеңберінде су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында екі гидростанцияда гидроагрегаттарға көктемгі ағымдағы жөндеу жүргізілді, бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес ГЭС құрылыстары мен Гидромеханикалық жабдықтарында күрделі және ағымдағы жұмыстар жүргізілуде; су сорғыш құралдар дайындалды; дренаждық құрылғыларға тексеру жүргізілді; Өскемен ГЭС суағар бөгетінің жапқышы жұмыста сыналды, Шүлбі ГЭС он екі түптік суағарларына сынау жүргізілді, - деп хабарлады «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС атқарушы директоры, Айдабулов. - Екі ГЭС-те кесте бойынша Гидротехникалық құрылыстарды бақылау ұйымдастырылды, арнайы техниканың дайындығы қамтамасыз етілді».

Қазіргі уақытта Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен бекітілген тәулік сайынғы су жұмсау кестесіне сәйкес штаттық режимде жұмыс істейді.


Бұрын