версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертісті балықтандыру бойынша экологиялық акцияны өткізуде

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертісті балықтандыру бойынша экологиялық акцияны өткізуде

26.10.2020

Өскемен-Семей / / 2020 жылғы 15 қазан Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертіс өзенінің балық ресурстарын қалпына келтіру және қолдау бойынша жыл сайынғы акцияны өткізді. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларындағы сазан (тұқы) популяциясын қалпына келтіру акциясы үшінші рет өткізіліп отыр.

Балық отырғызу материалының түрі мен санын балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (БШҒӨО) Алтай филиалының мамандары анықтады. Қазан айында Шүлбі ГЭС екі кезеңмен Шүлбі су қоймасына балық жіберді және ихтиофаунаны 100 мың дана сазан (тұқы) шабақтарымен толықтырды.

Балық шығару мемлекеттік комиссияның қадағалауымен өтті, оның құрамында "ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ, "Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, "балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Алтай филиалы, балық шаруашылығы Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі мамандары бар.

Балық жіберу орнына жеткізуші «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС 700 км жүріп өтіп, шабақтарды тасымалдау үшін жабдықталған арнайы автокөлікпен жеткізді. Алайда, балықтандырудың барлық нормаларын сақтаудың арқасында, екі жағдайда да жас шабақтар жолды жақсы көтерді және жіберу кезінде олар жеткілікті күшті болды.

«Ертістің ірі су пайдаланушыларының бірі ретінде біз осы су объектісінің биоалуантүрлілігін сақтауға өз жауапкершілігімізді сезінеміз және бірнеше ондаған жылдан кейін су қоймаларының қандай болатыны бізге бәрібір емес, сондықтан ихтиофаунаны толықтыру бойынша табиғатты қорғау іс – шараларын өткіземіз,-деп хабарлады Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС атқарушы директоры Тілек Айдабұлов. – 2018-2020 жылдары балық қорын сақтау және қалпына келтіру үшін Бұқтырма су қоймасына біз жалпы алғанда шамамен 290 мыңнан астам сазан шабақтарын, Өскемен су қоймасына-280 мыңға жуық, ал Шүлбі су қоймасына – 350 мың дана балық шабақтарын жібердік».

«Статистикаға сәйкес, табиғи су қоймасындағы  жас шабақтардың төрт-бес жылдық, ұрықтандыруға дайын балыққа айналып өмір сүріп кетуі 5% құрайды, олардың кәсіпшілік өлшемі 45 см-ге, ал салмағы – үш-төрт килограммға жетеді. Бұл Өскемен ГЭС-тің және Шүлбі ГЭС-тің үш жылдық балықтандыру нәтижесінде бірнеше жылдан кейін біз жүз қырық тоннаға жуық кәсіпшілік балық аламыз деп есептеуге мүмкіндік береді", - деп БШҒӨО маманы болжады.

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС - экологиялық жауапкершілігі жоғары кәсіпорындар. Станцияларда волонтерлік экологиялық жобалар іске асырылуда. Гидростанция қызметкерлері жазғы уақытта жағаны қоқыстан тазалауға шығады. Ағымдағы жылдың жазының соңында Шүлбі ГЭС жас мамандары «Өзіңмен бірге қоқысты алып кет» челленджін іске қосты және барлық демалушыларды барлық қалдықтарды өздерімен бірге алып кетуге және қоқысты жағалауда қалдырмауға шақырды, өйткені суға түскенде ол Ертіс ихтиофаунасына да зиян келтіреді.


Бұрын