версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Шүлбі ГЭС жаңғырту туралы

2018 жылдың 8 қарашасында Семей - Өскемен –«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС станцияларды жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асырады.

Шүлбі ГЭС – Қазақстандағы ең ірі ГЭС, оның белгіленген қуаты 702 МВт құрайды. Шығыс Қазақстан облысы жылына 8 млрд. кВт*сағ. электр энергиясын тұтынатын болса, оның төрттен бірін Шүлбі ГЭС-нің электр энергиясы жабады.

«Қазақстандағы ең ірі гидроэлектрстанцияларының бірінің мәртебесі станцияның барлық жабдықтарын және гидотехникалық құрылыстарын сенімді жұмыс жағдайында ұстауға үлкен жауапкершілікті жүктейді, – дейді Шүлбі ГЭС техникалық директоры Иван Долгопятов. – Бұл үшін станцияда бүгінгі күні еліміздегі ең дамыған жабдықтарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде».

Үкімет қаулысымен бекітілген электр энергиясын өндірушілердің әртүрлі топтарына арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға орай, соңғы жылдары Шүлбі ГЭС-да гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға, станцияның негізгі құрал-жабдықтарының сенімділігін арттыруға, сондай-ақ жабдықтың жұмыс параметрлерін оңтайлы таңдауды қамтамасыз етумен гидроагрегаттардың жұмыс режимін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар аяқталды.

2012 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта басқару жүйесін қайта жаңартумен және технологиялық үрдісті кешенді автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу арқылы алты гидроагрегаттардың бесеуіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың екінші жартысында тағы бір гидроагрегат (ГА-3) жөндеуге шығарылды және ол 2019 жылдың сәуірінде жөндеуден кейін іске қосуға жоспарланған.

Аталған кезеңде энергетика Министрлігімен бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, ашық тарату құрылғысы (АТҚ-220) электр жабдықтарын жаңғырту жобасы іске асырылды. Барлық күштік жабдықтарды, релелік қорғанысты және автоматиканы қазіргі заманғы энергия тиімді және сенімді жабдықпен алмастыру жүргізілді. АТҚ-на жүргізілген жаңғырту жабдықтарға қызмет көрсету шығынын айтарлықтай азайтты, қосалқы станциялардың жұмысының сенімділігін арттырды.

Станцияда гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін автоматтандырылған бақылау және гидроагрегаттарды дірілдік бақылау жүйесі енгізілген, ол нақты уақыт режимінде басқару пультіндегі гидроқұрылыстардың және генерациялайтын жабдықтың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.

Станцияда жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігін, сондай-ақ тұтастай алғанда объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар ерекше назар аударуға лайық. Табиғи жарықтандыруы жоқ барлық өндірістік үй-жайларда, авариялық жарықтандыруды ажырату кезінде қызметкерлерді эвакуациялауға арналған люминесцентті эвакуциялық белгі таңбаланған. Су баспайтын аймақта авариялық режимдерде өз қажеттіліктерін жоғалтқан жағдайда, аса маңызды станция жабдығын электрмен жабдықтауға арналған дизель-генераторлық қондырғы орнатылған.

«Жабдықтар қаншалықты заманауи болғанмен, оны сенімді пайдалану, оған қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігіне байланысты, - дейді атқарушы директор Тлек Айдабулов. – Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып, біз адамның әлеуетті дамуына қаражат саламыз. Шүлбі ГЭС мамандары Қазақстан және Ресей гидроэнергетика кадрларын даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орындарының өндірістік алаңдарындағы семинарларда, тренингтерде, мастер-класстарда үнемі өз біліктіліктерін көтереді».

Біздің анықтама. Станция 30 жылдан астам жұмыс ішінде 48,7 млрд. кВт / сағ. электр энергиясын өндірді. Электр энергиясын өндірудің бүкіл тарихындағы ең жоғары рекордтық көрсеткіш 2016 жылы орын алды – сол кезде 2 млрд. 230 млн. кВт / сағ. электр энергиясы өндірілді.


Бұрын