версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Астана Күні қарсаңында "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС-гі 50 млрд. кВт*сағ. өндірді

Астана Күні қарсаңында "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС-гі 50 млрд. кВт*сағ. өндірді

21.06.2019

Семей, Шүлбі кенті, 2019 жылғы 18 маусым // 18 маусымда 00 сағат 40 минут Шүлбі ГЭС 1987 жылдың желтоқсанында қалыптасқан алғашқы гидроагрегатты іске қосу сәтінен бастап - 50 млрд. кВт*сағ. мерейтойлық киловаттты өндірді. Шүлбі ГЭС-сы мерейтойлық өндірімді Қазақстан Республикасының Астана Күніне арнайды.

Бүгінгі күні Қазақстандағы ең үлкен ГЭС - Шүлбі ГЭС, оның белгіленген қуаты 702 МВт. Шүлбі ГЭС орташа жылдық паспорттық өндірімі– 1,6 млрд. кВт*сағ. Қазақстандағы орташа электр энергиясын тұтыну жылына шамамен 100 млрд. кВт*сағ., осылайша, Шүлбі ГЭС пайдалану кезінде барлық өндірілген электр энергиясы Қазақстанды жарты жыл бойы үздіксіз энергиямен қамтамасыз ететін еді.

Жыл сайын Шүлбі ГЭС Шығыс Қазақстан облысы электр энергиясының қажеттілігінің шамамен 25% жабады. Өсіп келе жатқан ел экономикасының электроэнергияға қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жабдықтарға регламенттік жұмыстардың толық көлемін орындау маңызды.

Соңғы он жылда Шүлбі ГЭС барлық алты гидроагрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маймен толтырылған генераторлық ажыратқыштарды заманауи элегаздыға ауыстыру зақымдалған учаскелерін қысқа мерзімде өшіру жүргізуге ғана емес және апаттық жағдайларды оқшаулауды қамтамасыз етуге, сонымен станциядағы өрт қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Барлық гидроагрегаттардағы жүргізілген қоздыру жүйесін қайта құру техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге шығындарды азайту және негізгі жабдықтардың жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Гидроагрегаттарды күрделі жөндеу аясында технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін (ТП АБЖ) енгізу жүргізілді, дамыған бағдарламалау, тестілеу және диагностикалау құралдарының қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық жүйесін пайдалану негізінде уақтылы әрі шынайы ақпарат алуының есебінен жеделдігін және басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ТП АБЖ персоналды жабдықтың жұмысын және оның жөндеуін оңтайландыру және жоспарлау, талдау үшін ретроспективті техникалық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жылдары АТҚ-220 кВ электр жабдығын жаңғырту жобасы жүзеге асырылды, жабдықтарға қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. "Өткізілген энергия аудитінің қорытындысына сәйкес, АТҚ жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыру, электр энергиясының өз қажеттіліктерінің шығындарын азайтуға мүмкіндік берді жылына 291,8 мың кВт*сағ., - деді "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС техникалық директоры Иван Долгопятов. –Сондай-ақ, жоба трансформаторлық майды пайдалану толығымен алынып тасталғандықтан, жабдықтардың экологиялық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді».

Мерейтойлық өндірім күні Шүлбі ГЭС бас директоры Асқар Балабатыров станция ұжымын құттықтап, әрбір қызметкерді өзінің барлық білімін, тәжірибесін және күшін салғаны, жанкешті еңбегі үшін алғысын білдірді. "Шүлбі ГЭС – жас станция, біз отыз жылдан сәл ғана астық, адамзат өмірінің өлшеміне сай әлі де қызықты техникалық және әлеуметтік жаңа жобаларға толы ғұмыр алда", - деп қорытындылады Асқар Балабатыров.

Шүлбі ГЭС-ның негізгі мақсаты - электр энергиясын сатып алушылардың қанағаттануын арттыру, жұмыстардың қауіпсіз орындалуы, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы тәуекелдерін жою, қолайлы қоршаған ортаны сақтау.

Анықтама.

40 млрд. кВт*сағ. Шүлбі ГЭС пайдаланудан бастап 2014 жылғы 22 мамыр 10 сағат 15 минутта өндірілді.


Бұрын