версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Жақсылық жасау

Жақсылық жасау

15.08.2018

Қазақстанда 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» атты науқаны басталды, ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның мақсаты – табысы төмен және көп балалы отбасыларына мектеп оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесу болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар осы науқанға көмекке мұқтаж балалардың тізімін дайындады, сондай-ақ осы науқанды өткізу миссиясын орындаған қорлар мен қоғамдық ұйымдарды анықтады.

Семей өңірінде Семей ұйымдастырушы болып, қалалық әйелдер және гендерлік теңдік жөніндегі комиссияның қолдауымен 2011 жылдың наурыз айында құрылған «Отбасылық орталық» отбасылық қоры атал,ан және ол қор Шүлбі ГЭС-інен әрбір оқушыға: оқулықтар, кеңсе тауарлары, спортық киімдер, мектеп формасы, аяқ киімдер және басқа да қажеттіліктерді сатып алуға қайырымдылық көмек көрсетуді сұраған. «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-і «Отбасылық орталық» фондына 200 000 теңге көлемнде қаражат бөліп, оған 20 балаға спорттық форма сатып алынды.

24 тамыз күні Семей қаласындағы Абай атындағы ғылыми кітапханасында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалрға сыйлықтарды тарату салтанатты түрде өтті. Шүлбі ГЭС-інің салтанатты рәсіміне Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас техникалық директор - Сергей Сальников қатысып, мектеп оқушыларына арнап сөз сөйлеп, сыйлықтар табыс етті.

Станция аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Солардың бірі - Шүлбі кентіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы мектеп оқушылары үшін қайырымдылық түскі ас ұйымдастыру. Шүлбі гимназиясының қайырымдылық жобасы аясында жыл сайын Шүлбі орта мектебінің және Шүлбі мектеп кешенінің сексеннен астам студенттері тамақтануда. Бұл әлеуметтік жоба 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тек соңғы үш оқу жылында акцияны жүзеге асыруға 15 миллионнан астам теңге бөлінді. Бұл шара Шульбинск ауылындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды оқыту үшін жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді: балалар оқып жатқан мектептердің бюджеті есебінен таңғы асқа жүгінеді және гидроэлектростанция есебінен түскі ас алады. Ауыл әкімдігінің берген Шүлбі к. балаларының тізіміне әйкес, станция мектеп оқушыларына тамақтану қызметін көрсететін қызмет көрсетушімен келісім жасайды. Шүлбі балаларының тізімі. Науқан барысында балаларға тамақтану үшін 40 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұрын