версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Қуат нарығында жұмыс істеуге дайынбыз!

Энергия өндіретін кәсіпорындардың қуатын аттестаттау жыл сайын өткізіледі және ол, көтерме сауда нарығына қолда бар қуатты жеткізудің шекті көлемін анықтау үшін қажет.

Бұл Жүйелік оператор жүргізетін міндетті шаралар және олар станцияның қуат мәндерін, теру жылдамдығын анықтауға және белсенді қуатты азайтуға бағытталған.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша Шүлбі ГЭС-інің 2022 жылға арналған аттестатталған электр қуаты 582 МВт деңгейінде тіркелді.

Шүлбі ГЭС электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы 142 МВт/мин тең, кемуі — 141,5 МВт/мин. Шүлбі ГЭС өз тұтынуының (өз және шаруашылық қажеттіліктерінің) ең жоғары электр қуаты - 3,38 МВт. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерацияның электр қуатының ең төменгі мәні 70 МВт құрады.

Қуатты аттестаттау энергия өндіруші ұйымда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде хабарлай отырып, телеметрия аспаптары болған кезде жүргізіледі.

Бұрын