версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Сомасы емес, бар әлеммен қалай көмектесетініміз маңызды

Сомасы емес, бар әлеммен қалай көмектесетініміз маңызды

Сомасы емес, бар әлеммен қалай көмектесетініміз маңызды

08.06.2021

Бір жылдан астам уақыт бойы біз бастысы – «қашықтықты сақтау» болып табылатын жаңа әлемде өмір сүріп келеміз.

Өкінішке орай, қашықтық көмекке мұқтаж адамдар мен оларды бұрын белсенді қолдағандар арасында да артып кетті. Ең дұрысы - артық шығындардан бас тартып, ең жақындарымызды ойлайтын уақыт орнаған тәрізді көрінеді.

Жаңа әлемде тым көп адамға көмек қажет. Далаға көп шығуға болмайтын қарт адамдарға қолдау көрсету керек, олардың барлығы азық-түлікті үйге тапсырыс бере алмайды. Баспанасыз, жұмыссыз, азық-түлік, жылу және дәрі-дәрмексіз қалған адамдарға қол ұшын созу қажет - және бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады.

Әрине, кәсіпорындар барлығына көмектесе алмайды, бірақ біз мұқтаж адамдарға тіпті аз мөлшерде де назар аударып, қолдау көрсете аламыз. Бұл жерде кімнің қанша қайырымдылық жасайтыны маңызды емес: ол 100, 200 немесе 500 теңге болсын, ең бастысы, біз көппіз және бірлесіп біреуге көңіл бөліп, қуаныш сыйлай аламыз.

Ораза-айт мұсылман мерекесі және жақында ғана өткен Христиан Пасха мерекесі қарсаңында біздің гидростанцияларымызда зейнеткерлерге мерекелік шайға арналған азық-түлік жиынтықтарын (пасха, чак-чак, орамдағы шай, сүт, кәмпиттер, бауырсақ) жинау үшін қайырымдылық акцияларын жарияладық. ШГЭС-нен  - 122 200 теңге. Азық-түлік сатып алуға қаражаттың бір бөлігін ГЭС кәсіподақ комитеті қосты.

Шүлбі ГЭС қызметкерлерінен зейнеткерлерге пакеттерді Дәурен Төребаев, Эльдар Шәкіров, Әйгерім Әукенова және жүргізуші Райс Жұминов тасымалдады.

Зейнеткерлер балалар мен барлық қызметкерлерге жағымды тосынсый үшін шын жүректен алғыс айтты.

***

10 мамырда Риддер шағын аудандарының бірінде өрт болып, бірнеше гектар орман мен сексеннен астам адам тұратын отыздан астам үйді қиратты. Біздің қызметкерлер шетте қалмады - ШҚО-ның көптеген тұрғындарымен қатар өрт сөндірушілерге қайырымдылық жасады.

Риддер қаласының кәсіпкерлер палатасының шотына ШГЭС қызметкерлерінен 34500 теңге аударылды. Қайырымдылық акцияларына қатысқандардың барлығына сіздің бей-жай қарамағаныңыз және көршіңізге көмектесуге ниет білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз! 

Бұрын