ГЭС-те жұмыс істеуге келген жаңа жұмысшылар үшін міндет оңай емес: аз уақыт ішінде олар өз бөлімінің жұмысымен танысып, ағымдағы тапсырмаларды тез және дұрыс орындауы керек, сонымен қатар кәсіпорынның процедураларын оқып, оларды орындауы қажет.
Оны жалғы орындап шығу күрделірек, ал оған әріптестері көмекке келсе, тапсырма жеңілдене түспек. Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС-те он шақты жаңа қызметкер бар, олар станцияға соңғы үш айдың ішінде келген.
Бөлімше басшысының міндеті-жаңа қызметкерді негізгі функцияларымен таныстыру, ал бірқатар функционалды бағыттардың басшылары оларға станцияның негізгі құжаттары мен процестерін бағдарлай алуы үшін жалпы ережелермен және нұсқаулықтармен таныстырады. Ол үшін оқыту семинарлары өткізіледі. Наурыз айында мұндай семинар Шүлбі ГЭС-те өтті, онда Жаркова Елена жаңа қызметкерлерді БМЖ принциптерімен, Мамедов Давид ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін, Нищенко Светлана корпоративтік мәдениет және ішкі және сыртқы коммуникациялар қағидаттары туралы ережелермен таныстырды.