версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Сертификаттау

Шүлбі ГЭС-і «TQCS International Pty.Ltd» (Австралия) халықаралық сертификаттау компаниясынан біріктірілген менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 халықаралық стандарттың жаңа сертификаттарын алды.

Ақпан айында станцияда сертификаттау және қайта сертификаттау аудиттері өтті.

Үш апта ішінде "TQCSI (Kazakhstan)" ЖШС компаниясының аудиторы гидростанция құжаттамасының стандарт талаптарына сәйкестігін зерттеді.

Аудит жүргізу барысында сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

"АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС үшін біріктірілген менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алынды.

Келесі аудит бірінші жылы инспекциялық болады және 2022 жылдың ақпан айында өтеді.

Гидростанция басшылығы барлық қызметкерлерге аудитке дайындалғаны үшін алғыс білдіреді.

Бұрын