версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Көмек қолын соз

COVID әлі шегінбейді және көптеген адамдар үйде карантинде жатыр. КВИ-мен ауырып жатқан және үйде карантинде отырған Шүлбі ГЭС әріптестеріне көмек көрсету үшін станция еріктілері – Татьяна Кирилюк пен Владислав Скалозубов WhatsApp желісінде "ШГЭС_COVID 19-көмек" тобын құрды.

Чатта қызметкерлер сатып алуды қажет ететін заттар тізімін жазады (дәрі-дәрмек, азық-түлік), Татьяна тізімді түгендеп, тапсырысты дайындап қою үшін дәріхана мен дүкенге хабарласады. Владислав түскі үзілісте және жұмыстан кейін тапсырыстарды алып, үйлерге жеткізеді. Бұл бүкіл отбасы карантинге ұшыраған кезде және ең қажет нәрсені әкелетін ешкім болмаған кезде өте тиімді қолдау. Топтың барлық қатысушылары көмек ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді. Ұйымдастырушылар сауығып кеткен әріптестерінің көмек тобынан кеткеніне шын жүректен қуанышты.

Бұрын