версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Игі істерге отыз және үш жыл

Игі істерге отыз және үш жыл

23 желтоқсанда Шүлбі ГЭС-і іске қосылғанына отыз үш жыл толды. Осы жылдар ішінде Шүлбі ГЭС-і және оның қызметкерлері әлеуметтік жауапты кәсіпорын бола отырып, кентке түрлі әлеуметтік жобаларды іске асыруға барынша көмектесіп келеді. Бұл – әр жылдары бұрын кентте болған балалар үйін қолдау, екі мектепке тұрақты көмек көрсету, халыққа, діни ұйымдарға көмек көрсету, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды қолдау, мәдени тұрмыстық нысандарды жабдықтау және балалар мен спорт алаңдарын орналастыру, сондай-ақ қызметкерлер бастамашылық еткен түрлі волонтерлік жобаларды іске асыру болды.

Тек 2020 жылы ғана станция 15 млн.теңгеден астам сомаға жобаларды іске асырды. Соңғы жобалардың бірі-Новобаженово кентінің мешітін жылыту үшін пеш орнату, Шүлбі кентінің балаларына Жаңа жылға сыйлықтар сатып алу.

Кент әкімдігі станция басшылығына және оның қызметкерлеріне 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №53 "Спектр" газетінде тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Шүлбі ГЭС-і алдағы уақытта да мүмкіндігіне қарай кенттің әлеуметтік жобаларына қолдау көрсететін болады.

Бұрын