версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

БМЖ одан әрі дамыту және жетілдіру үшін

БМЖ одан әрі дамыту және жетілдіру үшін

ISO 9001:2015, 14001:2015, 45001:2018, 50001:2018 стандарттарына сәйкес БМЖ дамыту және жетілдіру "Семинар-тренингі" кәсіпорын қызметкерлері мен басшылары үшін қазан айының ортасында екі станцияда да өтті.

Шүлбі ГЭС-інде 22 адам және жоғары және орта буындағы тоғыз басшы оқытылды.

Оқытуда тыңдаушылар ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018, ISO 31000:2018 халықаралық стандарттарының мазмұнын жан-жақты талдады; компанияның мәнмәтіні, БМЖ қолдану саласы; бизнес-процестер, үдерістердің критерийлері; тәуекел-менеджментке кіріспе, тәуекелді талдау, БМЖ мақсаттары; біріктірілген менеджмент жүйесінің үдерістерін жақсарту туралы әңгімелесті.

Тренер Евгений Литвиновтың жетекшілігімен сабақ барысында тыңдаушылар ішкі аудитті жүргізуге қатысты стандарттардың талаптарын талдады: аудиттің түрлері мен мақсаттары; аудит саласы мен объектісі; стандарттар тармақтары бойынша жауапкершілік матрицасы, аудиттің өмірлік циклі (жоспарлау, аудит жүргізу, нәтижелерді талдау, есептер және түзету әрекеттері); біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиттерін жоспарлау; БМЖ аудит жоспары; БМЖ ішкі аудиттерін жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдер.

Семинар-тренинг барысында тәжірибелік топтық жұмыстар жүргізілді, кәсіпорындарда БМЖ одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берілді және ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 стандарттарының жаңа нұсқаларына көшуге байланысты ішкі нормативтік құжаттамаға толықтырулар енгізілді.

Станция қызметкерлерінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018, ISO 31000:2018 талаптарын білуі және қолдануы кәсіпорындарда жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін маңызды.

Бұрын