версия для слабовидящих
размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

1С: Құжатайналымы қолданыста

 1С: Құжатайналымы қолданыста

21.08.2020

Шүлбі ГЭС-те жаңа құжатайналым жүйесі енгізілді. Бұл "1С Кәсіпорын 8" әмбебап жүйесі, оның қалыптасуы персоналдың өзара әрекеттесуін және жұмыс процесін автоматтандыруды бақылауға арналған. Жүйе станциялардың қажеттіліктеріне толығымен бейімделген: кіріс хат-хабарларға арналған барлық процестер, ОРД бөлігі, мысалы: қызметтік жазбалар, бұйрықтар мен сатып алуға өтінімдер, техникалық сипаттамалар. Қазіргі уақытта қаржылық құжаттар мен шығыс хат-хабарлар әзірленуде.

"1С: Құжатайналым 8" қауіпсіз, әрі толыққанды сақтауды, жылдам іздеуді және қол жеткізуді, сондай-ақ ресми сипаттағы қағаздармен, кез-келген түрдегі ішкі құжаттамамен өте тиімді жұмысты ұйымдастырады. Сонымен қатар, жүйе жоспарлау мен есеп беруді, ішкі форумдарда сөйлесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл кез-келген жобаны талқылау кезінде өте ыңғайлы.

Айта кету керек, бұл 1С мүмкіндіктерінің толық тізімі емес. Қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануға "1С: ТОиР" блогы енгізілді.

Құжат айналымының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс — бұл әртүрлі бөлімшелер қызметкерлерінің үлкен тобының жұмысы: ақпараттық технологиялар және коммуникациялар қызметі, жобалар және перспективті даму бөлімі, қызметкерлермен жұмыс және әкімшілік мәселелер бөлімі, қаржы-экономикалық бөлім. Қазіргі уақытта жұмыс тобы жүйенің жұмысына мониторинг жүргізеді және пайдалану процесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс істейді.

Бұрын