«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС ағымдағы бос жұмыс орындары
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1. Техникалық, экономикалық, заңдық және өзге сипаттағы өндірістік құжаттаманы қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне ауызша және жазбаша аудармаларды, олардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, толық және қысқартылған аудармаларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру.
2. Терминдерді біріздендіру, аудармалар тақырыбы бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру, орындалған аудармаларды есепке алу және жүйелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
3. Пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтау.
4. Аудармаларды редакциялау.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
ДК және кеңсе техникасын жақсы меңгеру. 1С құжат айналымын білу. Қазақ және орыс тілдерін жетік білу. Сауатты сөйлеу, жоғары білімді, өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға ұмтылу. Жазбаша және ауызекі сөйлеуде орыс және қазақ тілінде сауатты болу, жоғары жылдамдықта текст тере алу. Қысқа мерзімде жұмыс істей білу, тез үйрену қабілеті.
Аталған жұмыс үшін қажетті білім түрі:
Жоғары немесе арнайы орта білім. Аудармашы ретінде жұмыс тәжірибесі қажет. Еңбек өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.
Жұмыс орнының мекенжайы:
ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.
Жұмыс кестесі:
Бес күндік жұмыс күні:
дүйсенбіден жұмаға дейін 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін,
демалыс-сенбі, жексенбі
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Электрмеханик ГМЦ-ға бекітілген автомұнара, кран және лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге жауап береді.
- Сондай-ақ жөндеу бригадалары құрамында жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ГМЦ-ныңжауапкершілік аясындағы жабдықтарға жоспарлы қызмет көрсетуге қатысады. Мердігер ұйымдармен жетекшіретінде жұмыс жүргізеді.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Жабдықты жөндеу, крандаорға, лифтілерге, гидравликалық, электрлік және механикалық жабдықтарға қызмет көрсету саласында 2 жыл жұмыс істеу (мүмкіндігінше). Жабдықты жөндеу саласында немесе энергетика саласында кемінде 2 жыл (мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесінің болуы). Пайдаланушы деңгейінде Excel, Word, Outlook, Internet, PowerPoint-та жұмыс істеу дағдыларының болуы (мүмкіндігінше). Дәл өлшеу құралдарымен, электр өлшеу құралдарымен жұмыс істей білу, жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы базалық білім (мүмкіндігінше). Шүлбі кентінде немесе Баженово ауылында тұратын немесе көшіп келетін.
Аталған жұмыс үшін қажетті білім түрі:
Жалпы орта білім беру, арнайы орта білім беру, құрылыс саласы бойынша жұмыс тәжірибесі.
Жұмыс орнының мекенжайы:
ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.
Жұмыс кестесі:
Бес күндік жұмыс күні:
дүйсенбіден жұмаға дейін 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін,
демалыс-сенбі, жексенбі
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Автокөлік пен арнайы техниканың жарамды жай-күйін және оны өтінімдерге сәйкес желіге шығаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыс аяқталғаннан кейін желіден қабылдау кезінде ақауларды анықтайды.
- Желідегі және тоқтап тұрғанавтокөліктердің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады.
- Көлік пен арнайы техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, осы жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Желідегі автомобильдерге техникалық көмек көрсетуге қатысады.
- Жүргізушілердің автомобильдер мен арнайы техниканы техникалық пайдалану ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
- Автокөлік жүргізушілеріне нұсқама жүргізеді, жаңа көлік пен арнайы техниканы қабылдауға, сондай-ақ оларды желіге шығар алдында есептен шығаруға және жөндеуге тапсыруға қатысады.
- Автокөліктің техникалық жағдайына байланысты тоқтап қалудың себептері мен ұзақтығына талдауды жүзеге асырады.
- Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұлғайту, техникалық ақаулықтар салдарынан тұрып қалуды қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді.
Пайдалану материалдарының шығыс нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау мәселелері бойынша рационализаторлық ұсыныстарды қарауға қатысады, қабылданған ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді..
Пайдалану материалдарының шығыс нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау мәселелері бойынша рационализаторлық ұсыныстарды қарауға қатысады, қабылданған ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді.
- Жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Көлік құралдарын жөндеу және пайдалану жұмыстарының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Кәсіпорынның көлік құралдарын және арнайы техникасын басқаруды жүзеге асырады.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Автокөлік саласында кемінде 2 жыл. Қалыптасқан жағдайды талдай білу, дереу шешім қабылдау. Excel, Word, Outlook, Internet, PowerPoint-та жұмыс істеу дағдылары. Шүлбі кентінде немесе Баженово ауылында тұратын немесе көшіп келетін.
Аталған жұмыс үшін қажетті білім түрі:
Автокөлік профилі бойынша орта техникалық білім қажет.
Жұмыс орнының мекенжайы:
ШҚО, Семей қаласы, Шүлбі кенті, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.
Жұмыс кестесі:
Бес күндік жұмыс күні:
дүйсенбіден жұмаға дейін 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін,
демалыс-сенбі, жексенбі